Read the original announcement in English
Бүгін Android пен iOS-қа арналған Telegram қолданбалары жаңартылды.
Бұдан былай Telegram-дағы баптаулар бөлімінде жария қолданушы атын таңдай аласыз. Кез келген адам телефон нөміріңізді білмей-ақ, сізді қолданушы атыңызбен тауып, байланыса алады.
Адамдарды қолданушы аты бойынша табу үшін контактілер бөліміндегі іздеу өрісіне кез келген атты теруді бастау жеткілікті. Кем дегенде 5 таңба енгізгеннен кейін іздеу нәтижелеріңізде ғаламдық іздеу бөлімін көресіз. Бұл тізімде сәйкес қолданушы аттары бар адамдар бар.
Қолданушы аттары жайлы толығырақ ақпарды біздің ЖҚС-дан біле аласыз.
Құпия чаттар бүгін үлкен жаңарту алды.
Құпия чаттар ішіндегі авто-жою таймері енді 1-ден 60 секундқа дейінгі кіші мәндерді қамтиды. Бұл қысқа авто-жою таймерлері бар чаттарда суреттер, бейнелер және дауысхаттар үшін кері санау олар бірінші рет ашылғаннан кейін ғана басталады. Сондықтан сіз контентті көрмей немесе тыңдамай ешқашан жоғалып кетпейді.
Авто-жоюдың қысқа таймерлері бар суреттер енді «Көру үшін басып тұрыңыз» режімінде жұмыс істейді және сіз өзін-өзі жоятын суретті алушы оның скриншотын жасаған сайын ескерту аласыз.
2014 жыл 23 қазан
Telegram командасы