Топтағы тақырып, жиынтық қолданушы аты, бейнехатты мәтінге түрлендіру және т.б.

Read the original announcement in English
Топтағы тақырып, жиынтық қолданушы аты, бейнехатты мәтінге түрлендіру және т.б.

Бүгінгі жаңарту үлкен топтардағы талқылауларды басқару үшін тақырыптарды, блокчейнмен қорғалған жиынтық қолданушы аттарын, бейнехаттарды мәтінге түрлендіру мүмкіндігін және т.б. функцияларды қосады.

Топтағы тақырып

Telegram топтары жүздеген мың пайдаланушысы бар алып қауымдастықтарды сыйдыра алады. Чаттарды оқуға ыңғайлы ету үшін кез келген топ енді тақырыптарды қосып, кез келген мәселе үшін бөлек кеңістіктер жасай алады.

Тақырыптар топ ішіндегі жеке чаттар сияқты жұмыс істейді: олардың өздерінің ортақ медиафайлдары мен мәлімдеме баптауы болады. Мүшелер анимеден бастап жануартануға дейінгі кез келген тақырыпта сауалнамалар, бекітілген хаттар және боттар сияқты сүйікті құралдарын қолдана отырып сөйлесе алады.

Бұл мүмкіндік арнайы үлкен топтарға арналған. Жыл соңына қарай біз шағын топтарға арналған басқа да құралдар жиынтығын ұсынуды жоспарлап отырмыз. Тақырыптарды сынап көргіңіз келсе, мына жария топқа кіріп көріңіз.

Топ әкімшілері тақырыптарды топ баптауында қоса алады, ал Рұқсат бөлімінде кімге тақырыптар жасауға және басқаруға болатынын реттей алады.

Telegram-дағы барлық нәрсе сияқты, алдағы жаңартулар бұл мүмкіндікті әрі қарай дамытып, әкімшілер мен қолданушылар үшін қуатты құралдар қосады.

Жиынтық қолданушы аты

Telegram қолданушыларына қолданушы аттары арқылы басқалармен байланысу немесе ашық топтар мен арналарды табу оңай. Енді әр тіркелгіңіз бен ашық чаттарыңызға бірнеше жиынтық қолданушы атын иелене аласыз.

Жиынтық қолданушы аттарына иелік ету құқығы жылдам әрі ауқымды блокчейн желісі — TON арқылы қорғалады. Оларды жаңа платформа арқылы сатып алуға немесе сатуға болады. Бұл — бағалы Telegram домендерін иеленудің қарапайым әрі қауіпсіз жолы.

Жиынтық қолданушы аттары әдеттегі @usernames сияқты жұмыс істейді: олар ғаламдық іздеу нәтижелерінде көрінеді және Telegram-нан тыс жерде қолдануға болатын жеке сілтемелері бар: username.t.me және t.me/username.

Premium Бейнехатты мәтінге түрлендіру

Telegram Premium іске қосылғаннан бері жазылушылар дауысхаттарды тыңдау ыңғайсыз болған кездерде оларды мәтінге түрлендіре алатын. Бұл жаңартумен осы мүмкіндік бейнехаттарға да қосылды. Енді Premium қолданушылары жылдам мәтіндік танылу ала алады.

Жаңа эмоджи жинағы

Мыңдаған қолданушы жеке эмоджи жинақтарын жүктеп жатқанда, Telegram суретшілері 12 жаңа эмоджи жинағын дайындап бітті. Premium қолданушылары бұл эмоджилерді кез келген хат пен сипаттамада қолдана алады немесе Хэллоуинге орай статус ретінде қоя алады.

iOS-та қайта жасалған түнгі режім

iOS қолданушылары үшін түнгі кейіп жаңартылды: чаттар мен тізімді айналдыру кезінде түстер теңгерімдірек болып, бұлыңғыр әсерлері жақсарды.

Android-та мәтін өлшемін өзгерту

Android жүйесіндегі чат баптауында мәтін өлшемін өзгерткенде, енді чаттағы барлық мәтіннің, соның ішінде сілтемелер көрінісі, жауап беру тақырыптары және т.б. өлшемі ұлғаяды.

Кішігірім дизайн жақсартулары

Хатқа солға қарай сырғыту арқылы жауап бергенде жаңа анимация пайда болды. Қолданушының бейініндегі телефон нөмірін басу бірнеше қоңырау шалу нұсқалары бар жаңа мәзірді ашады. Ал Telegram топтағы немесе арнадағы хаттарды жүктеп жатқан қысқа сәттерде жаңа пульсациялық орын толтырғыштарды көресіз.

Жаңа интерактивті эмоджи мен реакция

Оқып жатқан, ұйықтап жатқан немесе күдіктеніп отырған сәттер үшін бұл жаңарту 4 жаңа интерактивті эмоджи 😴👨‍💻🤓👀 әкелді. Олар жеке чаттарда толық экранды әсерлерді көрсетеді және реакция ретінде де қолданыла алады. Сонымен қатар барлық қолданушы кез келген чатта Хэллоуин рухындағы тағы 3 реакцияны 👻🎃😭 қолдана алады.

Бүгінгі өзгерістер осы. Биыл Хэллоуинді уақытында атап өте алмағанымыз үшін кешірім сұраймыз, себебі Apple жаңартуды тексеруге екі апта уақыт жұмсады.

Толық оқиғаны және біз қалай төтеп бере алатынымыз туралы негізін қалаушымыздың мына жазбасынан оқи аласыз.


2022 жылы 5 қараша
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

리치 텍스트 에디터, 커뮤니티, 그룹 내 휘발성 메시지, 3억 5천만 개의 GIF

텍스트를 서식화하고 생성할 수 있는 리치 텍스트 에디터, 여러 그룹, 채널, 봇을 연결하는 텔레그램 커뮤니티, 그룹 내에서의 휘발성인 봇 메시지, 3억 5천만 개 이상의 GIF 검색 등 다양한 기능이 새롭게 도입되었습니다.
14 шіл 2026

스마트워치 앱, 봇을 위한 리치 텍스트, 그룹을 위한 AI 가디언, 그리고 그 외에도 다양한 기능

오늘 업데이트로 텔레그램이 애플 워치와 안드로이드 스마트워치에서 사용 가능해졌으며, 봇을 위한 다양한 서식의 리치 텍스트, AI 관리자가 새로운 그룹 멤버를 심사하는 기능, 더 똑똑해진 투표, 브라우저 제어 등 다양한 기능이 추가되었습니다.
11 мау 2026

게스트 AI 봇, 봇 간 대화, 대화 자동화, 맞춤형 AI 스타일, 1억 개 이상의 이모지 및 스티커 검색 등 다양한 기능

텔레그램은 사용자가 어떤 대화에서도 AI 서비스를 이용할 수 있는 방법, 봇으로 받은편지함을 자동화하는 기능, AI 텍스트 에디터에서 맞춤 스타일을 만드는 기능, 설문조사에 한도를 설정하고 통계를 볼 수 있는 기능 등 10가지 이상의 새로운…
7 мам 2026

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026