Ұқсас арна, хикаяны қайта жариялау және тағы 9 мүмкіндік

Read the original announcement in English
Ұқсас арна, хикаяны қайта жариялау және тағы 9 мүмкіндік

Бүгінгі жаңарту сізге жазылған арналарыңызға ұқсас арналарды табуға, достарыңыз бен арналардан хикаяларды қайта жариялауға және хикаяға бейнехаттар қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бейін түстерін, екі жаққа арналған тұсқағазды, арналар үшін хикая статистикасын және жеке реакцияларды, баршаға арналған дауысты мәтінге түрлендіруді және тағы көп нәрсені қостық.

Ұқсас арна

Жүздеген миллион адам Telegram арналарын соңғы жаңалықтар, ойын-сауық контенті және ЖИ жасаған алты саусақты мысық суреттерін көру үшін оқиды.

Арналарды табуды жеңілдету үшін, енді арнаға кірген кезде, сізге ұқсас жария арналардың тізімі көрсетіледі.

Тізімде тек жария арналар көрінеді, олар жазылушылар базасының ұқсастығына қарай өздігінен таңдалады.

Ұқсас арналарға арнаның бейіні арқылы да кіре аласыз.

Хикаяға қайта жариялау

Енді достарыңыздың және сүйікті арналардың хикаяларын өзіңізге қайта жариялай аласыз, небәрі екі рет басу арқылы олардың аудиториясын кеңейтесіз.

Хикаяны қайта жариялау кезінде қосымша контент қоса аласыз: мәтін, аудио немесе тіпті бейне пікір. Сонымен бірге қайта жариялаған хикаяға бөлек көріну баптауын орнатуға болады.

Хикаяны қайта жариялау үшін бөлісе батырмасын басып, «Қайта жариялау» таңдаңыз. Құпиялықты қорғау үшін тек «Бәрі» режімінде көрінетін хикаялар қайта жариялана алады.

Хикаядағы бейнехат

Хикая жариялаған кезде енді пікір қосу үшін немесе жай ғана «бет-әлпет көрсету» үшін бейнехат қоса аласыз. Бейнехаттың өлшемін өзгертуге, экранда жылжытуға, әрі уақыт сызығы бойымен жылжытып, кез келген кадрдан бастап немесе аяқтауға болады. Шығармашылық мүмкіндіктер шексіз: суретке «Шығу тарихы» қосуынан бастап, өзіңізді әртүрлі кейіпкер етіп өзіңізбен бейне диалогын құруға дейін.

Хикаядағы бейнехат

Қайта жариялаған хикаялар да бейнехаттарды қолдайды, сондықтан тренд тақырыпқа пікіріңізді қосып, бір-бірін қайта жариялап жатқан авторлардың «керуеніне» қосыла аласыз.

Бейнехат жазу үшін хикая өңдегішіне камера таңбасын басып тұрыңыз. Дыбысты басқару үшін экранның төменгі жағындағы бейне жолын басып тұрып дыбыс деңгейін реттеңіз.

Premium: Бейін түстері

Алдыңғы жаңартуымыз Premium қолданушыларына өз атының, жіберетін сілтемелерінің және хаттарына жауаптардың түсін таңдауға мүмкіндік берді.

Бүгіннен бастап Telegram Premium парақшаны ерекшелеу үшін бейініңізге таңбалармен (мысалы: мынау немесе мынау) бірегей түс үйлесімін орнатуға мүмкіндік береді.

Хаттарыңызды немесе бейініңізді баптау үшін Android-та Баптау → Чат → Ат түсін өзгерту бөліміне өтіңіз. IOS-та ол Баптау → Кейіп → Түс бөлімінде.

Premium: Екі жаққа арналған тұсқағаз

Кез келген адам жеке чаттар үшін жеке тұсқағаздарды орната алады, бұл әр әңгімені әртүрлі кейіп және сүйікті суретіңіз арқылы тануды жеңілдетеді.

Енді Premium қолданушылары екі жаққа да тұсқағаз орнатып, өзіне де, чаттасына да бірдей кейіп бере алады.

Кез келген жеке чатта жеке тұсқағазды орнату үшін ⋮ (iOS-та қолданушы бейінін ашып, ⋯ таңдаңыз) → Тұсқағаз батырмасын басыңыз.

Баршаға арналған дауысты мәтінге түрлендіру

2022 жылдан бастап, Premium қолданушылары дауысхат және бейнехатты мәтінге түрлендіру мүмкіндігіне ие болды. Бұл оларға айтылғанды тез түсінуге немесе тіпті әртүрлі тілдерде аудионы аударуға көмектеседі.

Бұл жаңартумен барлық қолданушы аптасына 2 хатқа дейін мәтінге түрлендіре алады, оны сынап көру үшін тек →А таңбасын басыңыз.

Ескерту: Бұл мүмкіндік бірте-бірте іске қосылады және барлық жерде бірден қолжетімді болмауы мүмкін.

Telegram Premium әлі де дауысты мәтінге түрлендіруге мүмкіндігін шексіз береді.

Арнаның хикая статистикасы

Хикаяны жариялай алатын арналар енді хикая көрілімі, бөлісу мен реакция санын бақылау үшін статистикада толық диаграммалармен көре алады.

Арнаның хикая статистикасы

Хикаяңыздың статистикасын ⋮/⋯ батырмасын басу арқылы немесе Арна ақпары → ⋮/⋯ → Статистика арқылы көруге болады.

Арна статистикасы, дауыс пен ұтыс баптауы Арна ақпары → Өңдеу → Статистика арқылы оңай қолжетімді.

Арнаға арналған жеке рекциялар

Арна әкімшілері реакцияны басқару үшін жаңа бетбейнеге ие, онда олар белгілі бір эмоджиді қосады немесе алып тастай алады.

Стандартты реакциялардан басқа, арналар әр деңгей үшін 1 жеке реакция алатын арнайы эмоджи қоса алады.

Арнаға арналған жеке рекциялар

Арна статистикасы енді оның жазбаларына реакция білдіру үшін қолданылатын эмоджиге негізделген реакция сезімі графигін көрсетеді. Ол 👍 / 🔥 эмоджилерінің эмоционалды баламасы ретінде оң, 👎 / 💩 эмодзилерінің баламасы ретінде теріс, ал 🦆, 🧞‍♂️ немесе 🪃 сияқты мағынасы екіұшты теңшеулер үшін 'басқа' көрсеткішін есептейді.

Хаттардағы кодты ерекшелеу

Жақында өткен кодтау байқауының жеңімпазының арқасында барлық Telegram қолданбалары енді кодтау тілін анықтауға және ```кодты пішімдеумен``` жіберілген хаттарда синтаксисті ерекшелеуге мүмкіндік алды, осылайша Java мен C# арасындағы айырмашылықты көре аласыз. 😉

Кодты ерекшелеу

Тақырыптар үшін жақсартулар

Тақырыптар қосылған топтарда, топты қайта ашқанда, қолданбаңыз Хат қып көру немесе Тақырып қып көру теңшеуін сақтап қояды.

Тақырыптар үшін жақсартулар

IOS-тағы Таностың шертпек әсері

IOS-тағы автоматты өшірілетін хаттардың таймері біткен кезде керемет анимациясы болады, олардың миллион пиксельге дейін бөлініп, мәңгілікке жоғалуын бақылаңыз.

Сіз жеке чаттардағы немесе бүтін тіркелгіңіздегі хаттар үшін авто-жою таймерін қосуға болады. Жаңа анимацияны көрудің ең жылдам жолы — құпия чатта қысқа авто-жою таймерін орнату.

Бүгінге осымен бітті. Біз зерттеу мүмкіндіктеріне толы ұқсас жаңартулар бойынша жұмысты жалғастырамыз.


2023 жылы 30 қараша
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар