Ортақ чат бумасы, жеке тұсқағаз және т.б.

Read the original announcement in English
Ортақ чат бумасы, жеке тұсқағаз және т.б.

Бұл жаңарту қолданушыларға бір сілтемемен бүтін чат бумасын бөлісуге, жеке чаттар үшін арнайы тұсқағаздар жасауға, кез келген чатта веб-қолданбаларды қолдануға және т.б. мүмкіндік береді.

Ортақ чат бумасы

Чат бумасы енді сілтемені бөлісуге болады, достарыңызды немесе әріптестеріңізді ондаған жұмыс топтарына, жаңалықтар арналарының жинақтарына және т.б. шақыруға болады. Бір рет басу арқылы олар буманы қосады және оның барлық чатына бірден қосылады.

Әр чат бумасы әртүрлі чаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін бірнеше шақыру сілтемесін қолдайды. Сілтеме жасау кезінде қосылғыңыз келетін чаттарды таңдап, оған сәйкес келетін бірегей атау беріңіз, мысалы: Тәжірибешілер немесе Менеджерлер.

Кез келген ашық чаттарды, сондай-ақ адамдарды қосу үшін әкімшілік құқықтарыңыз бар кез келген чаттарды қоса аласыз.

Бумаңызға басқа чаттарды қоссаңыз және оның сілтемесін жаңартсаңыз, мүшелер жаңа чаттарға қосылу ұсынысын көреді.

Бума жасау үшін Баптау → Бума бөлімін ашыңыз. Толығырақ білу үшін Ортақ бумалар жайлы терең нұсқаулықты қараңыз.

Жеке тұсқағаз

Сүйікті суреттеріңіз және түстер үйлесіміңіз белгілі бір чаттарда жеке тұсқағаздарға айналып, әрбір әңгімеге ерекше көрініс береді.

Тұсқағазды орнатқаннан кейін, чатта арнайы хат жіберіледі, ол чаттасыңызға өз жағына сол түсқағазды қосуға мүмкіндік береді немесе ол өзінікін жасай алады.

Кез келген жеке чатта жеке тұсқағазды орната аласыз. Арнайы тұсқағазды орнату үшін Android-та ⋮ басып, чат тақырыбындағы «Тұсқағазды орнату» батырмасын басыңыз немесе iOS-та бейінді ашып, ⋯ «Тұсқағазды өзгерту» батырмасын басыңыз.

Жақсартылған боттар

Telegram боттары миллиондаған қолданушыларға қызметтер мен пайдалы құралдар ұсына отырып, жеңіл веб-қолданбаларды орналастыруға қабілетті, бұл веб-қолданбаларды енді кез келген чатта іске қосуға болады.

Бұл мүмкіндікті қолдайтын боттардың веб-қолданбаларына тікелей сілтеме арқылы немесе Telegram-дағы кез келген чатта боттың қолданушы атын атап өту арқылы кіруге болады. Мысалы: кез келген чатта @durgerkingbot (соңынан бос орын) деп теріп көріңіз немесе мына сілтемені жариялаңыз: https://t.me/DurgerKingBot/menu

Топта іске қосылғанда, веб-қолданбалар енді мүшелер үшін ынтымақтастық және көп ойыншы мүмкіндітерін қолдай алады.

Бұл Telegram-дағы үшінші тарап әзірлеушілері мен сатушылары үшін барлығына тегін кең мүмкіндіктерді одан әрі кеңейтеді. API тексеріңіз және жасауды бастаңыз!

Telegram боттары жайлы соңғы жаңалықтар үшін @BotNews жазылыңыз.

Fragment-тегі бот сілтемесі және Telegram Premium

Енді боттар жиынтық қолданушы аттары сілтемелерін -bot жұрнағынсыз қолдана алады.

Сондай-ақ Fragment арқылы Telegram Premium-ді өзіңізге сатып алуға немесе басқаларға сыйлауға болады.

Тіркемелерді жылдам сырғыту

Енді тіркеме мәзірі ортақ медиа сияқты жоғары жылдамдықпен айналады. Уақыт ішінде саяхаттау үшін күндер жолағын төмен сырғытыңыз.

Тақырыптағы оқу туралы есеп

Тақырыптар қосылған 100 мүшеден төмен топтарда оқу туралы есеп енді қашан хаттарыңызды басқа топ мүшелері оқығанын көрсетеді.

Жақсартылған бетбейне

Желіде болғанда жіберу үшін аз ғана басу қажет, серіктесіңіздің соңғы рет көрінген уақытын көре алатын чаттарда жіберу батырмасын басып тұрыңыз.

Рұқсаттарды орнатып, алдымен бірнеше хатты бекіткіңіз келсе, бірден мүшелер қоспай топтар құра аласыз.

Соңғы iPhone-дарда бейін суреттерінде жаңа анимация бар, сіз бейіндер мен ақпар беттерін сырғытқанда динамикалық аралға бірқалыпты сырғиды.

Бүгінге осы, жақында тағы да басқа мүмкіндіктермен көріскенше.


2023 жылы 21 сәуір
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар