Бейін сурет жасаушы, чатты толық аудару, эмоджи санаттары және т.б.

Read the original announcement in English
Бейін сурет жасаушы, чатты толық аудару, эмоджи санаттары және т.б.

Telegram-ның жыл басындағы алғашқы жаңартуы дайындық ретінде 10 негізгі мүмкіндікті қосты.

Бейін сурет жасаушы

Енді кез келген стикерді немесе анимациялы эмоджиді тіркелгіңізге, тобыңызға немесе арнаңызға бейін суреті ретінде тез айналдыра аласыз. Барлық қолданушы бұл суреттер үшін анимациялы және жеке эмоджилерді қолдана алады, тіпті Telegram Premium-ы болмаса да.

Сіз сондай-ақ контактілеріңізге бейін суретін ұсына аласыз, Telegram-да контакт ақпарын өңдеп көріңіз.

Premium Чатты толық аудару

Premium қолданушылар енді бүкіл чатты, топты және арнаны жоғарғы жағындағы Аудару жолағын басу арқылы нақты уақытта аудара алады. Теңшеу мәзірінде жолағын жасыруға және қай тілдер аударылатынын басқаруға болады.

Барлық қолданушы жеке хаттарды таңдап, Аудару батырмасын басу арқылы аудара алады.

Эмоджи санаттары

Стикерлер мен эмоджилер енді 👍 ❤️ 💤 сияқты тақтада және реакция немесе статусты таңдағанда санаттар бойынша сұрыпталады. Кез келген эмоджиді басып тұрып, оны ұлғайтып, жібермес бұрын жақсылап көре аласыз.

Telegram қолданушылары миллионнан астам түрлі стикер мен эмоджи жібере алады, бірақ дұрыс таңдау енді қиын емес.

Желінің жұмсалуы

Telegram қанша деректерді қолданғанын Wi-Fi және үялы деректер үшін толық дөңгелек диаграммалар арқылы көре аласыз және деректер жоспарыңызға сәйкес өздігінен жүктеуін баптай аласыз.

Жадтың жұмсалуы өткен айда ұқсас жаңартуды алды. Бұл қарқынмен ұқыпты дөңгелек диаграммалар ретінде ұсынуға болатын және әлі де жоқ нәрселерді көп ұзамай аяқтаймыз.

Кіріс медианы өздігінен сақтау

Енді медианың өлшеміне, түріне және қай чаттан келгеніне байланысты галереяға өздігінен қашан сақталатынын басқара аласыз. Бұл мәзірде енді айрықшалықтарды орнатуға болады, тек қалағаныңызды ғана сақтайсыз.

Telegram-да барлық нәрсені құрылғыда сақтаудың қажеті жоқ, медиа мен құжаттар құрылғыңыздан жойылса да, оны кез келген уақытта Telegram бұлтынан қайта жүктей аласыз.

Нақты медиа рұқсаттары

Әкімшілер топ мүшелерінің 9 түрлі медиа түрін жіберуіне рұқсат бере алады, мысалы: сурет, дауыс немесе бейнехаттар. Олар мәтіндерді де өшіріп, тек медиаға арналған топтар жасай алады.

Енді тек дауысхат немесе тек куиз режіміндегі байланыс мүмкін.

Жылдық Premium жазылымы

Premium Telegram Premium-ге бір жылға алдын ала төлеп, айрықша мүмкіндіктерге 40%-ға дейін үнемдей аласыз.

Жылдық Premium жазылымы

Енді толық бір жылдық Premium-і бар болғандықтан, достарыңызға бірнеше айды сыйлық ретінде беруге болады.

Боттар үшін чат таңдау

Бот әзірлеушілері қолданушыларға алдын ала анықталған өлшемшарттарға сәйкес топтарды, арналарды немесе адамдарды таңдауға көмектесетін арнайы батырмалар қоса алады.

Мысалы: бұл ботты әкімші және тақырыптар қосылған топқа тез қосу үшін қолданылуы мүмкін.

Толық ақпарды әзірлеушілер нұсқаулықтан және @BotNews арнасынан таба алады.

Apple және Google ID арқылы қайта кіру

Тіркелгіден шыққан қолданушылар SMS кодын енгізбей-ақ Apple немесе Google ID арқылы тез қайта кіре алады. Сізде екі сатылы растау құпиясөзі орнатылған болса, оны енгізу қажет.

Жаңа жеке эмоджи

Жаңарту әрқашан Telegram суретшілерінен 10 жаңа жеке эмоджи жинағын қамтиды. Бұл жолы топтар мен бейін суреттеріне арнайы жасалған бірнеше жүз таңбаны қостық.

Эмоджи тақтасының жоғарғы жағындағы жаңа тренд бөлімнен кез келген жинақты қарап, қоса аласыз.

Жаңа интерактивті эмоджи

Аниматорларымыз 🦄 🙊 💊 😘 💘 🙉 сияқты эмоджилердің жаңа интерактивті нұсқаларын қосты. Оларды жеке чатта жіберіп бассаңыз, толық экранды әсер ашылады. Барлық қолданушы бұл эмоджилерді реакция ретінде де қолдана алады.


Бұл жаңартудағы барлық мүмкіндік осылар. Біз қазірдің өзінде келесі жаңартумен арпалысып жатырмыз.


2023 жылы 3 ақпан
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

ویرایشگر متن غنی، انجمن‌ها، پیام‌های نامرئی در گروه‌ها و ۳۵۰ میلیون گیف

معرفی یک ویرایشگر متن غنی برای قالب‌بندی و تولید متن، جوامع تلگرام که چندین گروه، کانال و ربات را به هم متصل می‌کنند، جستجو در میان بیش…
14 шіл 2026

اپلیکیشن‌های ساعت هوشمند، متن غنی برای ربات‌ها، نگهبانان هوش مصنوعی برای گروه‌ها و بسیاری امکانات دیگر

به‌روزرسانی امروز تلگرام را به اپل واچ و ساعت‌های هوشمند اندرویدی می‌آورد، متن غنی فوق‌العاده…
11 мау 2026

ربات‌های هوش مصنوعی مهمان، گفتگوی ربات با ربات، اتوماسیون گفتگو، سبک‌های سفارشی هوش مصنوعی، جستجوی بیش از ١۰۰ میلیون اموجی و استیکر و موارد بیشتر

به‌روزرسانی امروز یک انقلاب در ربات‌های هوش مصنوعی…
7 мам 2026

ویرایشگر هوش مصنوعی، نظرسنجی‌های قدرتمند، عکس‌های زنده، ربات‌های مدیریت‌شده از طریق ربات‌ها و موارد دیگر

در به‌روزرسانی امروز، یک ویرایشگر هوش مصنوعی معرفی می‌کنیم که می‌تواند تنها با دو ضربه، متن…
31 нау 2026