Жасырын медиа, жадты қолданбау, жаңа сурет сызу құралдары, контактіге бейін суретін орнату және т.б.

Read the original announcement in English
Жасырын медиа, жадты қолданбау, жаңа сурет сызу құралдары, контактіге бейін суретін орнату және т.б.

2022 жылды ешкім сағына қоймас, бірақ бұл жаңарту оны жақсы естеліктермен шығарып салуға бірнеше себеп ұсынады: жасырын әсері бар медиа, құрылғы жадын үнемдеудің жаңа тәсілі, жаңа сурет сызу құралы, ұсынылатын бейін суреті және т.б.

Жасырын медиа

Telegram хаттағы кез келген мәтінді жасыру үшін жасырын пішімін қолдайды. Енді суреттер мен бейнелерді де суретті бұлыңғырлап жарқыраған қабатпен жаба аласыз. Алушыға бұл «сиқырды» бұзып, контентті көру үшін оны бір рет басса жеткілікті.

Тіркеме мәзірінде бір немесе бірнеше элементті таңдап, Menu Android немесе Menu iOS басып, «Жасырын қылу» таңдаңыз.

Жадты қолданбау

Telegram құрылғыңыздағы жадты мүлдем жұмсамай-ақ жұмыс істей алады. Медиа мен құжаттарды телефон жадынан жойып, оларды кез келген уақытта Telegram бұлтынан қайта жүктей аласыз. Қолданушылар бірнеше жылдан бері кәштің ең көп көлемін белгілей алады немесе қолданылмаған файлдарды белгілі бір уақыттан кейін авто-жоюды баптай алады.

Бұл жаңартумен жеке чаттар, топтар мен арналардан келетін кәш үшін бөлек авто-жою баптауын қоса аласыз, сондай-ақ нақты чаттар үшін айырықшалықтар жасау мүмкіндігі қосылды.

Жаңа дөңгелек диаграммалар ненің орын алып жатқанын көруге көмектеседі, ал медиа, файлдар және музыка деген арнайы қойындылар ең үлкен файлдарды бірнеше рет басу арқылы тазалауға мүмкіндік береді.

iOS-та қолданбаның кәш көлемін есептеу уақытын айтарлықтай қысқарттық. Ал Android қолданушыларының жолы болды, олардың қолданбасы бұл жұмысты бұрыннан жоғары жылдамдықпен атқарып келе жатыр.

Жаңа теңшеулерді Баптау → Дерек пен жад → Жадтың жұмсалуы бөлімінен қараңыз.

Жаңа сурет сызу және мәтін құралдары

Telegram-ның қуатты медиа өңдегіші толығымен жаңартылды. Сурет сызу құралдары сызу жылдамдығына қарай қалыңдығын динамикалық түрде өзгертеді және сызықтарды өздігінен тегістейді.

Шетін деректерді (немесе кадрға кездейсоқ түсіп қалған адамдарды) жасыру үшін жаңа бұлыңғырлату құралы қосылды. Түс таңдаудың 5 дәлдігі жоғары тәсілі, соның ішінде «Тамшуыр» құралы бар.

Суреттерге немесе бейнелерге мәтін қосқанда, оның көлемін, қарібін және тұсқағазын өзгертуге болады. Суреттегі мәтінге жеке анимациялы эмоджилерді қосу мүмкіндігі енді барлық қолданушыға (тіпті Telegram Premium жазылымы болмаса да) қолжетімді.

Тіктөртбұрыш, шеңбер, көрсеткі, жұлдыз және чат бауырсағы сияқты пішіндерді жылдам қосу үшін «+» батырмасын басыңыз. Сондай-ақ бетті басып тұру арқылы кенепті түспен толтыруға немесе бәрін өшіруге болады.

Алдағы жаңартуларда медиа өңдегіштердің бетбейнелерін одан әрі жетілдіріп, өнімділігін арттыруды жоспарлап отырмыз.

Контактіңізге бейін суреті

Контактілеріңізді өңдеу кезінде олар үшін жеке сурет таңдай аласыз, оны олардың бейінінде тек сіз көресіз.

Сізде контактіңіз үшін жақсы сурет болса, оны оған ұсына аласыз. Ол адамға бұл суретті өз бейініне қосу үшін небәрі екі рет басса жеткілікті.

Ол үшін контактінің Бейіні → Өңдеу, содан кейін «… үшін сурет орнату» немесе «… сурет ұсыну» тармағын таңдаңыз.

Жария бейін суреті

Бейін суреттеріңізді тек белгілі бір адамдарға көруге рұқсат берсеңіз, қалғандардың бәрі үшін жария сурет орната аласыз.

Бұл жаңарту бейін суретінің абсолютті құпиялығына қол жеткізуге мүмкіндік береді: көріну мүмкіндігін «Ешкімге» орнатып, кейбір қолданушыларды немесе топтарды айрықшалыққа қоса аласыз.

Бұл баптау Баптау → Құпиялық пен қауіпсіздік → Бейін суреті бөлімінде қолжетімді.

Топ мүшелерін жасыру

Қарқынды анти-спам баптауы сияқты құралдар әкімшілерге үлкен топтарды таза ұстауға көмектеседі. Бірақ кейбір топтар өз мүшелерін қажетсіз жеке хаттардан қорғағысы келуі мүмкін.

100-ден астам мүшесі бар топ әкімшілері енді мүшелер тізімін жасыруды таңдай алады. Осылайша, адамдар топқа хат жазбаса, олардың сол жерде болғанын тек әкімшілер білетін болады.

Топ мүшелерін жасыру

Android-тағы жаңа үдеріс анимациясы

Қызған талқылау кезіндегі алыстағы жауапқа немесе қолданбаның басқа беттеріне өту кезінде жаңа әдемі анимациялар қосылды.

Premium Жаңа анимациялы эмоджи

Premium қолданушылары Telegram суретшілерінен сыйлық ретінде жеке анимациялық эмодзилердің 10 жаңа жинағын алады.

Бұл жинақтар мен басқаларын Stickers стикер тақтасындағы Emoji эмоджи қойындысынан табыңыз.

Қосымша интерактивті эмоджи

Интерактивті эмоджилер әлемін кеңейтуді жалғастырамыз. Сұхбаттасыңызбен бірдей уақытта толық экранды әсерлерді көру үшін кез келген жеке чатта мына эмоджилердің біреуін жіберіп, оны басыңыз: 🎅🎄☃️💅🗿🆒🤪

Енді бұл эмоджилердің барлығын реакция ретінде қолдануға болады, Моай бейнесі 2022 жылды шығарып салу үшін ерекше орынды болмақ.

Кез келген көлемдегі топтарға арналған тақырып

Енді топ көлеміне қарамастан тақырып қосу мүмкіндігі барлық топта қолжетімді. Бұл әркімге талқылауларды реттеудің жаңа тәсілін ұсынады.


Бүгінгі жаңалықтар осымен тәмам. Біз осы желтоқсанда тағы бір жаңарту шығаруды ойладық, бірақ соңында айдың қалған бөлігінде демалуды жөн көрдік.


2022 жылы 30 желтоқсан
Telegram командасы