Read the original announcement in English
Бүгін Android лагерінде қуанышты күн. Android-қа арналған Telegram қайта жасалып, жаңа мүмкіндіктермен толықты. Ал iPhone жанкүйерлері ше? Көріп тұрмыз, iOS қолданбасы да одан кем түспейтін жаңартулар алды.
Соңғы белсенділікті жасыру және басқа да құпиялық баптауларына арналған нақты басқару теңшеулерінен бөлек, бүгінгі iPhone жаңартуына GIF анимациясын іздеу мүмкіндігін қосты.
«Сурет табу» тіркеме опциясы арқылы ғаламтордан суреттер тауып, бөлісе аласыз. Бүгін Веб-сурет іздеуге екі жаңа қойынды қосылды: GIF және Recent. GIF қойындысы Giphy арқылы жұмыс істейтін мыңдаған керемет GIF анимацияны іздеуге мүмкіндік береді. Cөз енгізіңіз де, қызықтай беріңіз.
Ғаламтордан жіберген барлық сурет және GIF-тер Жуырдағы қойындысына сақталады. Сөз таппай қалған кезде осы қойындыға өтіп, бұрын жіберген кез келген сурет немесе GIF-ті бірнеше рет басып жібере аласыз. GIF-ті басқа контактіге жөнелтсеңіз, ол да Жуырдағы қойындысында қолжетімді болады. Иә, бірнеше GIF-ті бірден жіберуге болады.
Бүгін iPhone қолданбасына YouTube пен Instagram сілтемелерінің алдын ала қарау мүмкіндігін қостық. Хаттың ішінде тек YouTube пен Instagram сілтемесі болса, ол автоматты түрде шағын суреті бар нобайға айналады, онда атауы, ұзақтығы сияқты маңызды ақпарат көрсетіледі. Тексеріп көріңіз.
Бұл мүмкіндіктердің бәрі алдағы жаңартуларда Android-та да пайда болады. Қазірше өзіңіздің жаңа құпиялық баптауларыңыздан және material design бетбейнесінен ләззаттаныңыз. Жақында GIF-тер мен суреттер сізге де келеді!
Telegram командасы
2014 жылы 19 қараша