Топ хикаясы және қосымша 8 мүмкіндік

Read the original announcement in English
Топ хикаясы және қосымша 8 мүмкіндік

Telegram топтардағы сөйлесуді мүлде жаңа деңгейге шығарады: көпшілікке арналған байланысты қайта айқындайтын 9 жаңа мүмкіндік қосылды. Енді топтар хикая жариялай алады және оларды бейінінде жазба ретінде сақтай алады. Топтар бірегей тұсқағаздар мен статустар орната алады, сондай-ақ сыртқы көрінісін ең ұсақ бөлшектеріне дейін баптай алады, соның ішінде топ бейінінің мұқабасындағы түсі мен таңбасы немесе сілтеме стилі. Бұл мүмкіндіктердің бәрі қазірдің өзінде қолжетімді және оларды сүйікті чаттарына дауыс беретін топ мүшелері аша алады. Бұндай дауыс алған топтар енді өз мүшелеріне дауысты мәтінге түрлендіру және Premium жеке эмоджи қолдануды да ұсына алады.

Топқа дауыс беру

Енді топтар мүшелердің дауыстары немесе ұтыс арқылы деңгей жинай алады. Топ хикаясы мен жеке кейіптен бөлек, жоғары деңгейлер топ ішіндегі хат алмасу кезінде дауысты мәтінге түрлендіру және жеке эмоджи сияқты Premium мүмкіндіктерге қолжеткізуді береді.

Топ хикаясы

Бұл жаңарту топтарда жаңа байланыс тәсілін ұсынады: енді әкімшілер хикая жариялай алады. Мүшелердің жауаптары топқа жіберіледі, сол арқылы жаңа әңгімелер басталады.

Топ атынан хикая жариялау үшін топ бейініндегі хикая таңбасын (+) басыңыз немесе хикая өңдегішіндегі «Хикая жариялаушы» бөлімінен топты таңдаңыз.

Эмоджи статус, мұқаба, тұсқағаз және сілтеме стилі

Дауыс алған топтар Telegram-ға ғана тән бірегей баптау мүмкіндіктерін қолдайды. Топтың бейін мұқабасының түсі мен таңбасын өзгертуге, эмоджи статус орнатуға және топты ашқан барлық адамға көрінетін тұсқағазды таңдауға болады.

Эмоджи статус үшін топтар Telegram суретшілері жасаған мыңдаған эмоджидің бірін таңдай алады, топ атауының жанына анимациялы геймпадтан бастап жұмбақ баклажанға дейін қоюға болады.

Топты баптау үшін оның бейінін ашып, Өңдеу → Кейіп тармағын таңдаңыз. Қандай көрініс баптаулары қолжетімді болатыны топтың деңгейіне байланысты.

Топтың эмоджи жинағы

Жоғары деңгейдегі топтар чат ішіндегі байланыс үшін Telegram Premium-нің кейбір мүмкіндіктерін ашады.

Әкімшілер жеке эмоджи жинақтарының бірін таңдай алады, тіпті оларда Telegram Premium болмаса да, оны топтағы барлық мүше қолдана алады.

Telegram суретшілері жасаған эмоджи жинағын таңдауға немесе тек өз тобыңызға арнап бірегей жинақ жасауға болады.

Дауысты мәтінге түрлендіру және т.б.

Дауыс алған топтардың мүшелері топқа жіберілген дауыс пен бейнехаттар үшін шексіз дауысты мәтінге түрлендіру транскрипциясын да қолдана алады.

Бұл тек бастамасы. Болашақ жаңартуларда топ чатын күшейтетін тағы да көп мүмкіндік қосылады.

Әр деңгейде қолжетімді барлық топ артықшылығының тізімін мына жерден табуға болады.

Дауыс бергендерге арналған рұқсаттар

Топқа дауыс берген қолданушылардың хаттарында арнайы Дауыс берушінің таңбасы көрсетіледі, ол әр жаңа дауыс берген сайын өзгеріп отырады. Әкімшілер дауыс бергендерге арнайы рұқсаттар бере алады, мысалы Баяу режімін немесе басқа шектеулерді елемеу сияқты бірегей артықшылықтар.

Дауыс бергендерге арналған рұқсаттар

Telegram Premium құрамында кез келген топқа не арнаға тағайындауға болатын 4 дауыс бар. Ал Premium-ді сыйлық ретінде берген сайын тағы 3 дауыс аласыз.

Бұл жаңартуға тағы 5 мүмкіндікті қосуды жоспарлаған едік, бірақ App Store әулиелері бізді қолдамады. Ештеңе етпейді, бұл мүмкіндіктерді наурыздағы жаңартуда жақын арада көресіз.


2024 жылы 29 ақпан
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

리치 텍스트 에디터, 커뮤니티, 그룹 내 휘발성 메시지, 3억 5천만 개의 GIF

텍스트를 서식화하고 생성할 수 있는 리치 텍스트 에디터, 여러 그룹, 채널, 봇을 연결하는 텔레그램 커뮤니티, 그룹 내에서의 휘발성인 봇 메시지, 3억 5천만 개 이상의 GIF 검색 등 다양한 기능이 새롭게 도입되었습니다.
14 шіл 2026

스마트워치 앱, 봇을 위한 리치 텍스트, 그룹을 위한 AI 가디언, 그리고 그 외에도 다양한 기능

오늘 업데이트로 텔레그램이 애플 워치와 안드로이드 스마트워치에서 사용 가능해졌으며, 봇을 위한 다양한 서식의 리치 텍스트, AI 관리자가 새로운 그룹 멤버를 심사하는 기능, 더 똑똑해진 투표, 브라우저 제어 등 다양한 기능이 추가되었습니다.
11 мау 2026

게스트 AI 봇, 봇 간 대화, 대화 자동화, 맞춤형 AI 스타일, 1억 개 이상의 이모지 및 스티커 검색 등 다양한 기능

텔레그램은 사용자가 어떤 대화에서도 AI 서비스를 이용할 수 있는 방법, 봇으로 받은편지함을 자동화하는 기능, AI 텍스트 에디터에서 맞춤 스타일을 만드는 기능, 설문조사에 한도를 설정하고 통계를 볼 수 있는 기능 등 10가지 이상의 새로운…
7 мам 2026

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026