Арналар 2.0 және т.б.

Read the original announcement in English

Telegram арналары бүкіл әлемде трендке айналуда. Күн сайын олар 400 000 000-нан астам көрілім жинайды. Бүгін біз арналар мен боттарды аудиториямен байланыс орнатудың одан да қуатты құралдарына айналдыратын бірнеше жаңа мүмкіндіктерді ұсынамыз.

Жазба сілтемесі

Енді Quick Share мәзірі арқылы арнадағы жеке хаттарға сілтемелерді көшіруге болады. Бұл сілтемелерді Telegram-нан тыс достарыңызға жіберуге немесе басқа әлеуметтік желілерге жариялауға болады. Бұндай сілтемелерді басқанда арна ашылып, хат ерекшеленіп көрсетіледі.

Бөлісу сілтемесін көшіру

Үнсіз хат

«Қазір жарияласам бола ма?» «Бұл соншалықты маңызды ма?», арна әкімшілері бұндай сұрақтарды жақсы біледі. Енді үнсіз хат жібере аласыз, олар жазылушыларға мәлімдеме жібермейді. Бұл түнгі немесе аса маңызды емес жаңартулар үшін өте ыңғайлы. Қоңырау таңбасын басып, үнсіз хаттарды қосуға немеме өшіруге болады.

Үнсіз хат

Әкімші қолтаңбасы

Кейде белгілі бір хатты кім жариялағанын білу маңызды. Бүгіннен бастап Арна ақпары бөлімінде қолтаңбаны қосуға болады. Жаңа хаттар әкімшінің таңдаған атымен белгіленеді, бірақ оның бейініне сілтеме жасалмайды.

Арна баптауы

Қолтаңбасы бар хат

Арна мен супертоптағы хаттарды өңдеу

Қате жібердің бе? Бір сөзді ұмыттың ба? Қосқың келетін нәрсе бар ма? Енді хаттарды жарияланған соң өңдеуге болады. Хатты басыңыз (iOS-та екі рет бас), содан кейін «Өңдеу» таңдаңыз. Бұл мүмкіндік супертоптарда және арналарда қолжетімді, себебі олар бір технологияға негізделген.

Боттарға арналған Quick Share батырмасы

Көптеген жаңалық ұйымдары жеке жазылымдар ұсынатын боттар жасап жатыр. Бұл жаңартуда боттардан алған сілтемелерді, суреттерді және бейнелерді бөлісу жеңілдетілді. Қалай жұмыс істейтінін көру үшін ресми @forbesbot ботын байқап көріңіз.

Боттарға арналған Quick Share батырмасы

Бонус: Стикер көрінісі

Тағы бір жаңалық – стикер алдын ала қарау енді барлық жерде жұмыс істейді: эмоджи тергенде ұсынылатын стикерлерде және «Стикер қосу» экранында. Стикерді жібермес бұрын толық өлшемде көру үшін оны басып ұстап тұра аласыз.

Harry жинағын байқап көріңіз: https://telegram.me/addstickers/harry


Бұл айға арналған жаңалықтарымыз осы.
Наурыздағы жаңартуларды күте бер!


2016 жылы 24 ақпан
Telegram командасы